Алматы, Астана және тағы үш қала тұрғындарына ескерту жасалды: 12 қыркүйекте неден сақ болу керек

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның бірден бес қаласында бүгін қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлімдеді.

"2025 жылдың 12 қыркүйегінде Балқашта, Ақтөбеде, Алматыда, түнде – Астанада, Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген жұма күні гидрометорталық сайтында жарияланған ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тынық ауа райы, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен өзге де ластану көздерінің маңында жүрмеу ұсынылады. Ал тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық дертке шалдыққандарға далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өздерімен бірге ұстау қажет.

Бұған дейін синоптиктер 2025 жылдың 12 қыркүйегіне Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты