Қазақстанда электросамокатты көшенің кез келген бұрышына тастауға тыйым салынбақ

Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 2025 жылғы 15 қыркүйекте Үкіметтегі брифингіде самокат жалға беретін компаниялардың қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Игорь Лепеха кикшерингілік компанияларға қатысты міндеттемелерді енгізу ұсынысына пікір білдірді.

"Жуырда біз бұл мәселеге байланысты сөйлестік. Әлемде электросамокаттарды пайдаланудың түрлі тәжірибесі бар, соның ішінде тұрақ орындары да бар. Ал бүгінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің самокаттармен жабылып қалатын жағдайлары кездеседі, адамдар амалсыз айналып өтеді – бұл енді компаниялардың жауапкершілігі", - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда компаниялар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Айыппұл – 100 АЕК.

"Біз Астанадағы велотұрақ тәжірибесін қолдануды ұсындық. Әлемде де осылай жасайды – метролардың, аялдамалардың қасына ешкімге кедергі жасамайтындай арнайы орындар бөледі. Ал шерингілік компаниялар қарапайым тәсілмен істейді: адам самокатты арнайы тұраққа қойғанға дейін сапар аяқталмайды. Қойса – сапар аяқталады, қоймаса – ақша есептеле береді. Бұл өте қарапайым. Сондай-ақ олар салмақ арқылы бір адам мінгенін не екі адам отырғанын анықтай алады. Мұндай талаптарды регламенттеу керек", - деді вице-министр.

Сонымен қатар, Игорь Лепеханың айтуынша, компаниялар тротуарда қозғалыс жылдамдығын да реттей алады.

"Бұл норманы енгізген кезде депутаттар шерингілік компанияларды шақырды. Олар бізге: "Біз техникалық жағынан қамтамасыз ете аламыз, егер адам тротуарға шықса, жылдамдық сағатына 6 метрден аспайды" деді. Енді оларда геопозиция мәселесі бар, қайсысы көше, қайсысы тротуар екенін анықтай алмаймыз деп отыр. Неге дәл осы компаниялар Санкт-Петербург пен Мәскеуде, Еуропада мұны жасай алады да, бізде істей алмайды? Тәртіп орнатсын, әйтпесе басқа компаниялар келуі керек", - деп есептейді ІІМ вице-министрі.

Егер түзетулер қабылданса, компанияларды жауапқа тарту қарастырылады. Оның ішінде жүйелі түрде ереже бұзған жағдайда лицензиясын тоқтату ұсынылған.

2025 жылғы 15 қыркүйекте Игорь Лепеха депутаттармен бірлесіп тротуарда электросамокатпен жүруге тыйым салуды көздейтін жаңа түзетулер әзірленгенін хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты