786 мың теңге айыппұл мен 50 тәулікке дейін қамауға алу: Қазақстанда жаңа қылмыстық жауапкершілік енгізілді

Сурет: unsplash
Енді Қазақстанда сталкерлер мен мазаны алып, қыр соңынан қалмайтындар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңның қабылдануы азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды қадам болғанын атап өтті. Бұл ретте, қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер 2025 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енеді.

"Бұл заңдағы басты жаңалықтардың бірі – "сталкинг" үшін қылмыстық жауапкершіліктің енгізілуі. Сталкинг – бұл зорлық-зомбылық қолданылмаса да, адамның психологиялық жағдайына елеулі зиян келтіретін, еркінен тыс тұрақты түрде қудалау, артынан қалмау әрекеттері. Сталкингке мынадай іс-әрекеттер жатады: айтарлықтай зиян келтіріп, адамның жеке шекарасын бұзып, еркінен тыс оның ізіне түсу, қайта-қайта телефон соғу, интернет арқылы бақылаумен қорқыныш немесе алаңдаушылық сезімін тудыру",- делінген ақпаратта.

Енді мұндай әрекеттер үшін келесідей жаза түрлері қарастырылған.

"Заң әрбір адамның жеке кеңістігіне құрметпен қарау қажеттігін айқындап, психологиялық зорлық-зомбылық пен қудалаудың алдын алуға бағытталған",- деп қорытындылады ведомство.

Бұған дейін 2025 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатындығын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды