Петропавлда полицейлер ер адамды өрттен аман алып қалды

Фото: Zakon.kz
16 қыркүйекке қараған түні Петропавлдың Жұмысшы кентіндегі Островский көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғыны қарсы беттегі үйден өрт шыққанын байқап, дереу телефонға жүгінді.

Өрт туралы хабарлама сағат 01:42-де қалалық полиция басқармасының екінші бөлімінің кезекші бөліміне түсті. Сол түні кезекшілікте болған учаскелік инспектор Жалғас Масанов пен патрульдік полиция батальонының қызметкері Жақсылық Көжелдәков ең жақын жерде – полиция пунктінде әкімшілік материал жинаумен айналысып отырған.

Уақытты жоғалтпау үшін тәртіп сақшылары оқиға орнына жаяу жетті. Үйдің бұрышы жанып, оттың жалыны күшейе бастаған, ал есіктері қолыптаулы болған. Оянып шыққан көршінің көмегімен полицейлер үйге кірген.

Жылдам әрі үйлесімді әрекет еткен полиция қызметкерлері 35 жастағы тұрғынды оятып, ең қажетті заттарын жинауына көмектесіп, сыртқа алып шыққан.

Сонымен қатар газ баллонды да қауіпсіз жерге шығарды.

"Не болып жатқанын түсінбей қалдым. Кейін барып қана ойландым егер полицейлер болмағанда, түтінге тұншығып немесе өртеніп кетуім мүмкін еді. Олар менің қорғаушы періштелерім, енді мен үшін екі туған күнім бар", — дейді құтқарылған адам.

Өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтап, толық сөндірді. Полицейлер өз қызметін жалғастырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты