Алматыда жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Фото: freepik
Қалалық синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 2025 жылғы 18 қыркүйекте, ауа температурасы +19°С-қа дейін жылынса да, жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Сондықтан сыртқа жылы киімсіз шығу мүмкін емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Редакция жылу қашан қосылатынын білу үшін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жүгінді.

Басқарманың жауабына сәйкес, жылыту маусымының басталуы туралы шешім сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен деңгейде қатарынан бес күн сақталған жағдайда қабылданады.

Жылу объектілерге кезең-кезеңімен беріледі:

"Жылуға қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, тұтынушыларға жылуды үздіксіз жеткізу қамтамасыз етіледі", – деді мамандар.

Айта кетейік, Қазақстанның бір қаласында жылыту маусымы әлдеқашан басталған. 2025 жылғы 10 қыркүйекте Павлодарда үйлерге жылу берілген.

Сондай-ақ, 15 қыркүйекте Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде жылыту маусымының кешігуіне жол бермеу үшін шара қолданатынын ескерткен болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады