Астанада биыл SOS түймесі арқылы полицияға 30-дан астам хабарлама түскен

Фото: polisia.kz
Астана қаласында Жедел басқару орталығына Бурабай көшесінде орналасқан SOS түймесі арқылы әйел адам хабарласып, шамамен 4-5 жасар ер баланы тауып алғанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу жеткен gатрульдік полиция қызметкерлері баланы қауіпсіз жерге орналастырып, оның анасын анықтады. Кейіннен бала анасына аман-есен табысталды.

Тәртіп сақшылары анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Айта кету керек, жыл басынан бері елордада SOS түймесі арқылы полицияға 30-дан астам хабарлама түскен.

Бұл жедел әрекет ету жүйесі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып отыр.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға, оларды қараусыз қалдырмауға және кез келген төтенше жағдайда "102" нөміріне немесе SOS түймесі арқылы дереу хабарлауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі