Бортсерік депутаттан үлгі алып, анасын ұшақтағы дауыстық байланыс арқылы құттықтады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлеуметтік желілерде ұшақта түсірілген видео таралуда. Онда бортсерік анасын туған күнімен микрофон арқылы құттықтағаны көрсетілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық әуе компаниясының қызметкері Сағи Тоқтамов бортсерік жұмысының ерекшеліктерін креативті түрде көрсетіп келеді. Соңғы видеосында ол анасын туған күнімен құттықтайды. Ұшақ әуеге көтерілмей тұрып, Сағи тиісті сөздерді айтты:

"Құрметті жолаушылар, рейстің кішкене кешігуі үшін кешірім сұраймын. Осы сәтті пайдаланып, бүгін анамның туған күні екенін айтамын. Анама құттықтау айтқым келеді. Анашым, сізге және әкеме бақыт пен денсаулық тілеймін. Рақмет", – деді ол ұшақтағы микрофон арқылы.

Жолаушылар бұл хабарламаны қол шапалақтау арқылы қабылдады.

Креативті бортсеріктің әлеуметтік желідегі оқырмандары бұл идеяны бағалады:

Қоғамда үлкен талқылау туғызғаны – депутат Ардақ Назаровтың Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтауы. Айта кетейік, Мәжіліс пен Сенат бұл әрекетті заңға қарсы деп санамады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады