Алматыда жылу желілерін жөндегеннен кейінгі абаттандыру жұмыстары уақытында бітпеуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жаз бойы жылу желілері жөнделді. Бүгін, 2025 жылғы 18 қыркүйекте, "Алматы жылу желілері" ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір мамандар 10 нысанда абаттандыру жұмыстарын қалпына келтіруге кірісті.

Жоспарланған аяқталу күні – 22.09.2025 ж. дейін.

Мекенжайлар:

Сонымен қатар 15 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталу сатысында тұр.

Жоспарланған аяқталу күні – 25.09.2025 ж. дейін.

Мекенжайлар:

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыстардың мерзімі ұзартылуы мүмкін. Барлық нысан қалалық қызметтердің бақылауында", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Сонымен бірге Алматыда күздің келгені сезіле бастады. Синоптиктердің дерегінше, бүгін, 2025 жылғы 18 қыркүйекте ауа температурасы +19°C-қа дейін жылынады, бірақ жаңбыр жауып, екпіні күшті жел соғады. Сондықтан сыртқа жылы күртесіз шығу қиын. Редакция жылуды қашан қосатынын білу үшін Энергетика және су жабдықтау басқармасынан түсінік сұрады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді