ШҚО-да өзеннен екі апта іздеген 64 жастағы азаматтың денесі табылды

Сурет: видео скрині
Шығыс Қазақстан облысында өзеннен 64 жастағы азаматтың денесі табылды. Оны құтқарушылар мен еріктілер екі аптадан бері іздеп, су арнасын түгел сүзіп шыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 31 тамыз күні Риддер қаласында болған.

Квадроцикл тізгіндеген азамат Кедровка өзенін кешіп өтпек болған. Сол сәтте су деңгейі көтеріліп, ағысы қатты өзен оны суға алып кеткен.

Құтқарушылар қанша іздегенімен, марқұмның денесі табылмады. Тіпті іздеуге Бутаково ауылының тұрғындары да жұмылдырылды. Олар екі апта бойы өзен бойын шарлап шығыпты. Алайда жаңбырдан кейін көтерілген су деңгейі 64 жастағы марқұмды 15 шақырым жерге дейін ағызып кеткен.

"Бутаково ауылының маңындағы Үлбі өзенінен табылды. Іздестіруге арнайы техника жүзу құралдары мен заманауи ұшу апараттары қолданылды. Іздестіруге күрделі жер бедері, ауа райының қолайсыздығы мен өзеннің қатты ағысы кедергі келтірді". ШҚО ТЖД Төтенше жағдайды жою басқармасының бастығы Елдар Шаймарданов
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Абай облысында жоғалған ер адамның денесі бес күннен кейін иен даладан табылды

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді