Алматы зообағы Қала күніне орай тегін экскурсиялар өткізуде

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала күніне орай Алматы зообағы көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, ерекше қажеттілігі бар балалардың отбасыларына, сондай-ақ мектеп-интернаттар мен оңалту орталықтарының тәрбиеленушілеріне тегін экскурсия ұйымдастырды.

Соңғы бірнеше күннің ішінде мыңнан астам оқушы экскурсияға қатысып, жануарлар әлемі жайлы тың мәлімет алды.

Әсіресе, дәстүрлі шолу бағыттары көпшілікті қызықтырған. Мұнда келушілер барлық жануармен танысады. Сонымен қатар "Қызыл кітап беттерінен", "Нептунның су асты әлемі" секілді арнайы тақырыптық экскурсиялар да ұсынылады.

"Біздің тапсырыс кестеміз айдың соңына дейін толып тұр. Ауа райы қолайлы болып, мереке күндері мүмкіндігінше көп адамды қуанта аламыз деп сенеміз", – деді даму және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ақжәми Рахимова.

Айта кетейік, зообаққа 6 жасқа дейінгі балалар, ерекше қажеттілігі бар адамдар, жасы бойынша зейнеткерлер, мерзімді әскери қызметшілер және 15 жасқа дейінгі балалары бар көпбалалы аналар тегін кіре алады. Ол үшін тиісті құжатты көрсетіп, кассадан "нөлдік" билет алу жеткілікті.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз