Шымкентте 141 млн теңге жымқырған кибербанда құрықталды

Фото: pixabay
Шымкент полицейлері Шымкент, Алматы және Алматы облысы аумағында әрекет еткен интернет-алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде олардың тоғыз интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Келтірілген жалпы залал сомасы 141 млн теңгеден асты.

Барлығы қылмыстық топтың төрт мүшесі ұсталды:

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда", – деп нақтылады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Полиция тағы да ескертеді:

"16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банктік шоттарға, төлем құралдары мен идентификациялық деректерге заңсыз қол жеткізу, беру немесе сатып алу, сондай-ақ заңсыз аударымдар мен төлемдер жасау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді".

Бұған дейін Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа киберқауіп туралы ескерту жасаған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады