Қазақстанда геологтар үшін жаңа ғылыми орталық құрылуда

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
"Қазақмыс" корпорациясы геологиялық барлау саласында ауқымды трансформацияны бастады. Жаңа департамент құрылып, озық технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізілуде. Ал Жезқазғанда өңірдегі ең ірі геологиялық кластер іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Компанияда атап өтілгендей, өзгерістердің басты мақсаты – минералдық-шикізат базасын толықтыру және стратегиялық даму.

"Біз геологиялық барлауды күшейтіп, қорларды тиімді пайдаланып, корпорацияның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Осы мақсатта басқарма төрағасының геология және стратегия жөніндегі орынбасары деген жаңа лауазым енгізілді, оны Ғалым Жұмабаевич Нұржанов басқарады. Сонымен қатар, тиісті геологиялық барлау департаменті құрылды", – деді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС геологиялық барлау жұмыстары департаментінің директоры Бекасыл Әукешев.

Оның айтуынша, қазір жаңа құрылымның материалдық-техникалық базасы белсенді түрде жаңартылып жатыр.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

"Цифрландыру стратегиясы аясында қазір өндірістік мақсатта оргтехника, маркшейдерлік және геофизикалық жабдықтар жаңартылуда. Сондай-ақ мамандардың жұмыс орындарын заманауи техникамен қамтамасыз етудеміз. Барлық жабдықтар – ең жаңа үлгідегі, өйткені біздің мақсатымыз – алдыңғы қатарлы цифрлық технологияларды енгізу арқылы геологиялық барлау жұмыстарын күшейту", – деп атап өтті ол.

Ерекше назар процестерді цифрландыруға аударылған. Қазіргі таңда тарихи және геологиялық деректердің 85%-ы цифрландырылды. Жыл соңына дейін корпорация барлық кен орындары бойынша жұмысты аяқтап, ақпаратты Micromine және өзге де ГИС-жүйелеріне интеграциялауды жоспарлап отыр.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

"Геодеректерді сақтау және өзектендіру стандарты әзірленетін болады. Бұл біздің зерттеулеріміздің жеделдігі мен нақтылығын едәуір арттырады", – деп атап өтті Әукешев.

Мамандар жер қойнауын зерттеу орындарының 3D-модельдерін жасау және тау-кен жұмыстарын жоспарлау үшін Micromine бағдарламасында оқудан өтуде. Болашақта бағдарлама барлау кезеңінен бастап блоктық модельдеуге дейінгі барлық сатыда қолданылатын болады. Сонымен қатар, "Қазақмыс" АҚ АҚШ-тағы Colorado School of Mines мектебімен бірлескен ғылыми жобалар мен мамандардың кәсіби қайта даярлығы бойынша келіссөздер жүргізуде.

"Сонымен қатар, халықаралық стандарттар KazRC / JORC бойынша минералдық ресурстар мен қоры туралы есеп беретін білікті мамандарды дайындау ұйымдастырылады. Colorado School of Mines-пен ғылыми ынтымақтастық және есеп беру бойынша дайындық Жезқазғандағы Геологиялық кластер базасында өткізіледі", – деп қосты ол.

Корпорацияда геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңінде сапаны бақылау үшін QA/QC жүйесі енгізілуде. Химиялық талдаулар үшін Австралияда орналасқан халықаралық ALS зертханасы тартылған. Керн сақтау және зертхана қызметі құрылып жатқан Геологиялық кластер құрамына енеді.

Сурет: "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС

Сонымен қатар, Жезқазған руда ауданының флангтарында геофизикалық зерттеулер кеңейтілуде. Жұмыстар Kazakhmys Barlau және Qazaq Geophysics компаниялары тарапынан аэрогеофизика, сейсмикалық барлау және бұрғылау технологияларын қолдана отырып жүргізілуде.

Жеке жобаның бірі – Жезқазғанда Геологиялық кластер салу. Оның базасында заманауи зертханалар, керн сақтау, оқу орталығы, арнайы кітапхана және геология мұражайы орналастырылады.

"Бұл стратегиялық жоба зертханалық қуаттарды локализациялауға, аналитикалық процестердің жеделдігін арттыруға және Қазақстанды өңірдегі жетекші геологиялық ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруға бағытталған", – деп түйіндеді Бекасыл Әукешев.

Ол кластердің іске қосылуы 2025 жылы жоспарланғанын атап өтті.

Бұған дейін біз Қазақстанның дәл ортасында, жүздеген метр тереңдікте жасырынған бүтін бір жер асты әлемі туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан
"Қазақмыс"

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты