Алматыда жол салу үшін тағы 21 жер учаскісі мәжбүрлі түрде алынбақ

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының әкімдігі 2025 жылғы 27 маусымдағы қаулыға сәйкес, мемлекеттік қажеттіліктерге байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде алу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта атап көрсетілгендей:

"Жетісу ауданында, Солтүстік шеңбер жолынан бастап қала шекарасына дейінгі жерлерде автомобиль жолын салу үшін 21 жер учаскесі немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлі түрде алу басталсын."

Аталған учаскелер мына көшелерде орналасқан: Геологов, Логовая, Постышева, Солтүстік шеңбер.

Айта кету керек, кейбір жерлер жеке тұлғалардан алынатын болса, бір бөлігі бірнеше ЖШС мен Алматы қаласының Қалалық мобильдік басқармасынан, сондай-ақ "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, "Интергаз Орталық Азия" АҚ мекемелерінен алынатын болады.

Мәжбүрлі алу мерзімі – 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Алматы қаласы Қалалық жер қатынастары басқармасындағы КГПП "Қала Жер орталығы" жер иелерін заңға сәйкес хабардар етуге міндеттелген.

Сонымен қатар, Қалалық жер қатынастары басқармасы:

Жер учаскелерінің иелеріне заңға сәйкес өтемақы төлеуді қамтамасыз ету;

Мәжбүрлі алу аяқталған соң, жер учаскелерін Алматы қаласының Қалалық мобильдік басқармасына тапсыру міндетін атқаруы керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда жол салу үшін 74 жер учаскесі мәжбүрлі түрде алынатыны хабарланған еді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты