Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болады

Сурет: olympic.kz
2025 жылғы 19 қыркүйекте Алматы қаласы мәслихатының XXXIV сессиясы өтіп, онда депутаттар қаладағы бірқатар атаусыз көшеге атау беру мәселесі көтерілді. Ондағы шешімге сәйкес, енді оңтүстік астанадағы көшелердің біріне Денис Тен атауы беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, қалада 156 атаусыз көше бар. Енді олардың ішінде 22 көше Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімін иеленеді, 15 көше "Тарихи тұлғалар" тізіміне енгізілген көрнекті қайраткерлердің атын алады.

"Олардың қатарында академик Әбдуәли Қайдар, археолог Карл Байпақов, тарихшы Сайым Балмұқанов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Анатолий Храпатый, олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаев, абайтанушы Қайым Мұхамедханов, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров және КСРО халық артисі Наталья Сац бар",- делінген ақпаратта.

Ал қалған 118 көше танымдық, тарихи-мәдени және дәстүрлі атауларға ие болады.

Бұл ұсыныстар алдын ала мәслихат комиссияларында қаралып, Қоғамдық кеңеспен келісілген және Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысын алды.

Бұған дейін Ерболат Досаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Алматы
Тен Денис

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы