Абай облысының жылқылары республикалық көрмеде топ жарды

Сурет: Абай облысы әкімдігі
Абай облысындағы Байторы және Шойынқара жылқылары республикалық IV ат көрмесінде жүлделі бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, аудан мақтанышына айналған Бесқарағай типтес Байторы мен Шойынқара аталық іздері 2022 жылы "Бесқарағай" деп аталатын қазақы жылқының жаңа типін қалыптастырған болатын. Генетикалық негізіне байланысты аталмыш қылқұйрықтарға Шойынқара және Байторы атаулары берілген.

"Олардың басты ерекшелігі – кез келген ауа райына төзімділігі, ірі денелі әрі етті-сүтті болуы. Тебіндегі айғырлары 700 келіге, биелері 600 келіге дейін жетеді",- делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, бұл жылқылардың мініске де, жегіске де шыдамды екені атап өтілді.

Сурет: Абай облысы әкімдігі

Бұл ретте, селекция жұмысына Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Семейдегі Шәкәрім университетінің ғалымдары үлес қосқан.

"Қазақы жылқыларды будандастыру арқылы жаңа тип шығару ісі 1968 жылдан бастау алған",- деп қорытындылады әкімдік.

Бұған дейін БҚО-да жылқы ұрлаған күдіктілер қылмыс орнында ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды