СҚО-да таяқ тартудан мықтылар анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам полиция қызметкері мас-реслинг деген атпен белгілі таяқ тарту ұлттық спорт түрінен іріктеу жарыстарына қатысты.

Іс-шараны "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы стадионының базасында СҚО полиция департаменті арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Жарыс бес салмақ дәрежесінде өтті.

Бірінші жалпы командалық орынды ПД аппаратының қызметкерлері, екінші және үшінші орынды Тимирязев ауданы мен Мағжан Жұмабаев ауданы полиция бөлімдерінің командалары жеңіп алды.

Бес жеңімпаз ҚР құқық қорғау органдарының, күштік және арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасындағы республикалық жарыстарда облыс атынан өнер көрсетеді.

Ұлттық спорт түрлерімен шұғылдану полицейлерге дене қалпын жақсы деңгейде ұстауға көмектесіп қана қоймай, патриоттық тәрбиеге де ықпалын тигізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі