Джо Байденнің бұрынғы көмекшісі Ресей азаматтығын алды

Сурет: freepik
АҚШ президенті Джо Байден Сенатта қызмет еткен кезде оның көмекшісі болған Тара Рид (қазіргі аты-жөні — Александра Тара МакКейб) Ресей азаматтығын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of India басылымының мәліметінше, бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің тиісті жарлығы жарияланды.

"Ресей Федерациясының азаматтығына келесі тұлғаларды қабылдау: АҚШ-та 1964 жылғы 26 ақпанда туған МакКейб Александра Тара", – делінген құжат мәтінінде.

Тара Рид Делавэр штатынан сенатор болып тұрған кезде Байденнің көмекшісі болған. 2020 жылдың көктемінде ол Байденді 1993 жылы сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет жасады деп айыптады.

Ридтің айтуынша, ол бұл айыптауды жария айтқан соң, жұмысынан айырылып, өмірі күрт өзгерген. Ол сондай-ақ БАҚ пен Демократиялық партия өкілдері оның мәлімдемесіне тиісті назар аудармағанын айтқан.

Байден өз кезегінде Ридтің айыптауларын жалған деп мәлімдеген.

Бұған дейін Бельгия әуежайы кибершабуылдан әлі айыға алмай отырғанын жазғанбыз.

АҚШ
Байден Джо

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты