ҚҚС өсімі – азық-түлік бағасына ықпалы қандай болады

Фото: Zakon.kz
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2025 жылғы 23 қыркүйекте Үкіметтегі брифингте салық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты азық-түліктің қымбаттайтынын растады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл қымбаттау уақытша сипатта болады.

"Әрине, өзгерістер болады. Бұл жерде бір реттік, қысқа мерзімді өзгерістер туралы айтылды – түпкілікті құнында шамамен 2,5–3 пайызға дейін. Бұл салықтық режимдердің, есептік өзгерістердің салдарынан. Бизнес өкілдері белсенді қатысып жатыр, өз уәждерін келтіруде. Менің ойымша, теңгерімді шешім қабылданады. Сондықтан менің жауабым: "Иә, өзгерістер болады", – деді Шаққалиев.

Алайда ол бұл қымбаттаудың нақты көлемі мен мерзімін айта алмады.


"Бұл қаншалық ықтимал және қай кезеңде болатынын айтуға әлі ерте. Бір нәрсе айта аламын: маусымаралық кезеңде біз үнемі өзгерістерді көреміз. Мысалы, жұмыртқа бойынша бізде осындай талқылау болған, бірақ ақырында өндіріс факторлары өзгерістерін ескере отырып, меморандум аясында бағаны тұрақтандырдық, қазір белгіленген дәлізде тұрмыз. Сондықтан Сауда министрі ретінде менің міндетім – сөрелерде әртүрлі ассортименттегі, сападағы және бағасы әртүрлі тауардың болуын қамтамасыз ету", – деп қосты министр.

Бұған дейін Сауда министрлігі құс еті бағасының қымбаттауын күтпейтінін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті