Тоқаев қазіргі геосаяси ахуал жағдайында саясаткерлерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін айтты

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси ахуал жағдайында саясаткерлерге ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Оның айтуынша, нағыз саяси көшбасшылық өзара түсіністік пен құрметке негізделуге тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы өркениеттер арасындағы қақтығысты болдырмау – саяси ерік-жігер мен парасатты шешімдерге тікелей байланысты екенін айтты.

"Қазіргі геосаяси шиеленіске қарап, кейбір саясаткерлер "өркениеттер қақтығысынан қашып құтыла алмаймыз" деген пікір айтып жүр. Алайда мұндай алауыздық тағдырдың жазуы емес, олардың саяси таңдауы", - деді Президент.

Оның пікірінше, ғылым, медицина, спорт, мәдениет және дін сияқты салалар жаһандық бірлікке қызмет етуі керек. Бұл құндылықтар ешқашан геосаяси қару немесе санкция салудың сылтауы болмауы қажет.

"Адамзат өміріндегі бұл ізгі құндылықтар бізді гуманизм идеясына біріктіреді", - деді Тоқаев.

Президент сондай-ақ, саясаткерлердің жауапсыз мәлімдемелері мен дінді саяси құралға айналдыруы – жаһандық сенімге сызат түсіріп, бейбітшілікке ұмтылысты тежейтінін ескертті.

"Анығында, саяси көшбасшылық – бір-біріне күмән-күдікпен қарап, менмендік таныту емес, өзара түсіністік пен құрметтен тұрады", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Тоқаев әлемдік тұрақтылықтың негізі ретінде толеранттылық, парасаттылық және заң үстемдігін атады. Оның айтуынша, тек осы қағидалар арқылы адамзат татулық пен әділеттілікке қол жеткізе алады.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев