Астаналық зейнеткерлерге мереке қарсаңында қаржылай көмек беріледі

Фото: Zakon.kz
Астаналық зейнеткерлер Қарттар күніне орай бір реттік төлем алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының мәліметінше, елордада 100 мыңға жуық тұрғынға Қарттар күніне орай шамамен 10 мың теңгеден беріледі. Осылайша, зейнеткерлерге өткен жылғыдай 2,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.

Ал Алматы қаласында мұндай төлемдер қарастырылмаған. Қала билігінің түсіндіруінше, зейнеткерлерге бюджет есебінен 13 түрлі қызмет көрсетіледі.

Қазақстанда Қарттар күні 1 қазанда атап өтіледі.

Бұған дейін Алматыда Қазақстандағы алғашқы бокс-парк ашылатындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды