Түркістан облысында тұрғындар қоқыс пен мал өлексесін тастайтын полигон иісіне тұншығып отыр

Сурет: Zakon.kz
Түркістанда екі ауылдың халқы қоқыс пен мал өлексесін тастайтын полигонды көшіруді талап етуде. Себебі, күніге, ең кемі, мыңға жуық малдың ішек-қарны мен қалдығы ауылдың іргесіндегі орынға тасталады. Қолқаны қабаттын иістен тұншыққан ел, соңғы екі жылда түрлі аурудың көбейгенін айтады.

КТК ақпаратына сүйенсек, Қарабұлақ пен Көлкент ауылының тура іргесіндегі малдың қалдығы мен қанын тастайтын полигон екі жыл бұрын пайда болыпты. Содан бері алыс жақын елді мекен жұрты еркін тыныстаудан қалған. Күн жылыса, шыбын-шіркей қаптап, жел тұрса, өлексенің иісі айналаны алып кетеді. Бұл жерге күніне ең кемі мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малдың қаны мен қалдығы әкелінеді екен.

Полигон мен ауылдардың арасы екі шақырым да шықпайды екен. Көрші елді мекеннің малы осында жайылады, иттері тіпті үйір. Жыл он екі ай қан мен шіріген мал иісіне тұншыққан соң, мұндағы елде түрлі ауру да қаптап кетіпті. Бірнеше ауылдың жұрты аудан мен облыс әкіміне полигонды көшіру туралы шағым жазғанымен, жауап болмады деп отыр.

"Су, міне, мұнара тұр. Мынаның қаны сіңеді, соның суын жайлап шығарып, халыққа таратып жатыр. Небір ауру шығып жатыр. Оның шешімін ешкім тауып беріп жатқан жоқ. Талабымыз — полигонды жапсын!",- дейді тұрғындар .

Күніге мыңнан астам малдың қалдығы тасталынып жатқан полигонды көшіре салу оңай емес сияқты. Себебі, Сайрам ауданының өзінде ыңғайлы бос орын жоқ екен. Былтырдан бері "қайда көшіреміз" деп басы қатқан билік Сайрам мен көршілес Бәйдібек ауданының шекарасынан қажетті жер учаскесін анықтап қойыпты.

"800 гектар жер дайындалып жатыр. 500 гектар жер мемлекетке алынып қойылды. Ол жерге инфрақұрылым су, жарық, газы бар, қоршау керек екен, стандартқа сай. Соны қоршаса, Қарабұлақ ауыл округі тарапынан атқарылған жұмыс, мысалы фермалар мен мал соятын жердің тізімін дайындап қойғанбыз, сол жерге шығарамыз". Кәмілжан Әбділахатов, Қарабұлақ ауыл округінің әкімі:

Жоспар бойынша 800 гектарлық алып аумаққа қалдық полигоны түгілі, Сайрамның бүкіл қасапханалары мен мал бордақылайтын орындары кетеді екен. Сол кезде жұрттың мәселесі біржола шешілмек. Бірақ оның нақты қашан іске асырылатынын айтып беретін шенеунік таппадық.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды