Әділет министрлігі виртуалды мәйіт ашу әдісінің дәлдігі туралы айтып берді

Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 24 қыркүйекте Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамалары орталығының директоры Бақытжан Байтілесов виртуалды мәйіт ашу (аутопсия) әдісінің мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бақытжан Байтілесовтің айтуынша, виртуалды аутопсия пилоттық жоба ретінде Атыраудағы Сот сараптамалары орталығы филиалдарының базасында жүзеге асырылып жатыр.

"Жоба аясында дәстүрлі мәйіт ашу нәтижелері мен компьютерлік томография арқылы алынған деректер салыстырылып зерттелді. Бірқатар өлім жағдайларында екі әдістің қорытындылары толық сәйкес келгені анықталды. Бұл өте маңызды нәтиже. Ол компьютерлік томографияның сот-медициналық сараптамада қосалқы әдіс қана емес, баламалы әдіс ретінде де қолдануға болатынын көрсетеді", – деді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, виртуалды аутопсия адам ағзасына барынша аз араласуды талап етеді, алайда соған қарамастан объективті әрі дәл қорытынды алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе дәстүрлі мәйіт ашу қиын немесе әлеуметтік тұрғыдан сезімтал жағдайларда аса маңызды.

"Пилоттық жоба жалғасып жатыр. Егер болашақта оң нәтижелер расталып, қажетті жабдықтар сатып алынса, бұл әдісті ел көлемінде енгізу жоспарланып отыр", – деп түйіндеді Бақытжан Байтілесов.

Бұған дейін Қазақстанда доллар бағамы неге күрт өскенін жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты