Тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмаған қызылжарлықтар: "Таңғы 4-тен кезекке тұрамыз"

Сурет: видеодан алынды
Петропавлда мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмекті науқастар сағаттап кезекте күтуге мәжбүр. Созылмалы ауруы бар азаматтар дәріханаға талон алу үшін таңғы сағат төрттен бастап емхана есігін күзетеді екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

№3 емханаға халық таң атпай жиналады. Көпшілігі созылмалы ауруы бар науқастар мен қарттар. Олар дәрігер қабылдауына жолдама беретін талонды бірінші болып алу үшін арнайы аппаратты торуылдайды. Бірақ тегін дәрі бәріне бірдей жетпей қалады. Ал емхана басшылары бар мәселе дәріханаға жолдама беретін құрылғыда екенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Кеше кезек ала алмай кеттім. Талон бермеді. Бүгін қайта келдім. Сағат алтыда тұрып. Жүру керек, кәрі кісілер, жасым 85-те".Файзолла Шәкенов

Құрылғы күніне тек 150 талон шығарады. Одан кейін жұмысы кібіртіктеп қалады дейді. Сол себепті кезектің соңында тұрғандар дәрі түгілі, талонға зар болып, үйіне бос қайтады. Ақ халаттылар бар кінарат — дәрі-дәрмектің бөлінуін қадағалайтын бағдарламада дейді. Соңғы жаңартуларды жүктегелі, құрылғы тым ұзақ ойланатын болған.

"Бағдарлама көп пациенттерді іс жүзінде өткізе алмайды. Сондықтан талон беруге қатысты сұрақ көбейді. Сыйымдылығына байланысты, біз бағдарламаның күніне 170-180 рецепт бере алатынын түсіндік. Сондықтан тек осынша көлемде ғана талон бере аламыз. Қалғанына жетпейтін себебі де сол. Бұл бағдарлама бұған дейін де болған. Ол кезде көп талон бере алатын".Құмар Көсемісов, Петропавл №3 емхана директорының міндетін атқарушы

Талон алып үлгергенімен, дәріханада дәрі таусылып қалса, тағы қиын. Мұндайда науқастар қайта кезекке тұрып, бәрін басынан бастайды. Ал жаңа бағдарлама әзірлеушілер тегін дәрі-дәрмек беретін құрылғының жұмысын жылдамдатуға уәде берді. Дәрігерлер мәселенің нақты қай күні шешілетінін дөп басып айта алмайды. Әзірге фармацевтика препараттарын жылдам тарату үшін әлеуметтік қызметкерлер шақырылған.

Бұған дейін бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізіміне өзгеріс енгізілгені хабарланған.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты