АҚШ Қазақстаннан тауарлық сәлемдемелерді қабылдауды тоқтатты: себебі айтылды

Сурет: Instagram/qazpost
"Қазпошта" АҚ баспасөз қызметі 2025 жылғы 24 қыркүйекте қазақстандықтарға АҚШ-қа жіберілетін сәлемдемелерге қатысты маңызды ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баспасөз қызметінің мәліметінше:

"АҚШ-тың Шекаралық-кеден қызметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы шешіміне сәйкес, АҚШ-тағы алушылардың атына тауарлық сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу уақытша тоқтатылды. Хаттар мен құжаттарды жіберу әдеттегі режимде жалғасады".

Аталған шектеу америкалық тараптың шешімімен енгізілген және ол көптеген елдерден келетін халықаралық пошталық жөнелтілімдерге таралады.

"Қазіргі таңда Дүниежүзілік пошта одағына мүше 192 елдің тек 5-і ғана АҚШ-қа тауарлық сәлемдемелерді жөнелте алады", – деп қосты "Қазпошта".

Компания өкілдері қызметтің қайта қалпына келуі үшін келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 22 қыркүйекте АҚШ-тан келген сәлемдемені алған соң алматылық тұрғын қамауға алынғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды