Павлодарда тұрғынды сан соқтырған күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Павлодарлықтар арасында пәтер жөндеу саласындағы алаяқтыққа тап болу жағдайлары көбейіп келеді.

Жауапсыз мердігерлер сапалы қызмет уәде етіп, көбінесе алдын ала төлемді алып, жоғалып кетеді немесе жұмысты сапасыз әрі мерзімінен кеш орындайды.

Мәселен, Павлодарда пәтер жөндеу шебері ретінде өзін таныстырған ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғынына сапалы жөндеу жұмыстарын жасап беремін деп уәде еткен.

Алайда ақшаны алып, байланысқа шықпай кеткен. Ұсталғаннан кейін барлық ақшаны өз қажетіне жұмсағаны анықталды.

"Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын жоққа шығармайды. Айта кету керек, биылғы жылы облысымызда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жасалған 1652 қылмыс тіркелген", – дейді Павлодар облысы ПД.

Полиция азаматтарға ескертеді: алаяқтар көбіне төмен баға және "барлығы қамтылған" деген уәдемен қызықтырады. Егер баға тым арзан болып көрінсе, ойлану керек. Сақ болыңыздар, тек тексерілген компаниялармен және жеке тұлғалармен ғана жұмыс жасаңыздар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады