Қазахстандықтарды қазанда қандай ауа райы күтіп тұр

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Қыркүйектің соңында байқалған солтүстік-батыс антициклоны әкелген суық қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнде -1…-6°С аяз, күндіз +2…+9°С жылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бірінші онкүндіктің ортасына қарай Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келіп, температура көтеріледі:

Онкүндіктің соңында елдің солтүстік-батысында температура аздап төмендейді. Ал оңтүстікте және шығыста суық толқыны екінші онкүндіктің басында күтіледі.

Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылынып, күндіз +13…+18°С, оңтүстікте +22…+27°С болады.

Үшінші онкүндікте ауа райы қайта суытып, кей күндері түнде -1…-6°С, ал солтүстік, орталық және шығыста -7…-12°С дейін төмендейді, күндіз 0…+8°С шамасында. Оңтүстікте түнде -1…-6°С-тан +3…+8°С-қа дейін, күндіз +5…+13°С-тан +13…+20°С аралығында құбылады.

Осылайша, қазан айы салқын күндермен басталып, бірінші және екінші онкүндіктің ортасында жылынып, ай соңында қайтадан қыс ызғарын сездіреді.

Ай бойы тұрақсыз ауа райы күтіледі: тұман, көктайғақ, екпінді жел, ал айдың екінші жартысында елдің солтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын болуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, 1 қазанда Қазақстанның төрт өңірінде -3°С дейін үсік күтіледі.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды