Қай сала "жеңілдетілген салық" режимінде қалады – нақты мерзім аталды

Фото: freepik
ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин 2025 жылғы 1 қазанда Сенат кулуарында бизнеске арналған "жеңілдетілген декларация" тізімі қашан белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистердің сұрағына жауап берген ол Министрлік Жалпы экономикалық қызмет түрлерінің классификаторын (ЖЭКТК) қайта қарай ма және қандай салалар "жеңілдетілген салық" режимінде қалатынына түсініктеме берді.


"Өткен жұма күні біз "Ашық НҚА" сайтында тыйым салынатын қызмет түрлерінің жобасын жарияладық. Белгілі бір регламент бар: екі апта бойы оны талқылаймыз. Осы кезеңде барлық ұсыныстарды қабылдауға дайынбыз. Нәтижесінде есептер, талдаулар мен талқылаулардан соң нақты шешім қабылданады", – деді Азамат Амрин.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 26 қыркүйекте Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінде арнайы салық режимін (АСР) қолдануға шектеу қойылуы мүмкін бизнес салаларының жобалық тізімін жариялаған болатын.

Қазақстан
Халық бухгалтері

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы