Грузиядан экстрадиацияланған азамат мемлекетке 1,7 млн теңге қайтарды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстандық азаматтан оның экстрадиациясына жұмсалған 1,7 млн теңге өндіріп алынды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Шымкент қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың шілдесінде Грузия аумағында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық сотталған ұсталған. Оны Қазақстанға экстрадиациялау үшін мемлекеттік бюджеттен 1,7 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, жұмсалған.

2025 жылдың 2 қазанында Шымкент қаласының прокуратурасы мынадай мәлімдеме жасады:


"Шымкент қаласы бойынша азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығындарды өтеу туралы талап арызын толық көлемде қанағаттандырды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкерден мемлекет пайдасына барлық шығын толық көлемде өндірілгені айтылды.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Бас прокуратураның баспасөз қызметі Қазақстанның Түркиядан бұрынғы силовикті экстрадициялағанын хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады