Астанада заңсыз саудамен айналысқан азамат жауапкершілікке тартылды

Фото: Zakon.kz
Астанада өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарайшық аудандық полиция қызметкерлері заңсыз сауда фактісін анықтады.

Тексеру барысында 37 жастағы қала тұрғыны дүкендердің бірінде шегілмейтін темекі өнімін заңсыз сатып жатқан жерінен ұсталды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша жауапқа тартылды. Соттың шешімімен оған айыппұл салынды.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналыспауға шақырады.

Заңсыз сауда – азаматтардың денсаулығына қауіп төндіріп қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де кері әсерін тигізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

"Қорқынышпен өмір сүріп, соққы мен қорлыққа шыдаған": Алматыда бес баланың анасы өзіне қол жұмсамақ болды

Қазақстанда бірнеше жұмысты қатар істеуге бола ма: заңда қандай талаптар бар