FlyArystan бағаларына қатысты журналисттің шағымына прокуратура жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы FlyArystan әуе компаниясының (АО "Эйр Астана" еншілес ұйымы) тариф саясатына қатысты сын айтқан журналист Асхат Ниязовтың видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әльмира Бекжанның айтуынша, прокурорлық қадағалау нәтижесінде әуе компаниясы duty free тауарларын тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізді. 2025 жылдың 1 қазанынан бастап жолаушылар оларды қол жүгінде тегін алып өте алады.

Сонымен қатар, Бекжанның айтуынша, FlyArystan және басқа әуе компанияларындағы қол жүкке қатысты өзекті мәселелер заңдылықты талдау аясында қосымша қаралатын болады.

Бұған дейін Асхат Ниязов қол жүгінің артық салмағы үшін төлемнің өскенін айтып, прокуратурадан мәселені қарауды сұрап, эмоционалды видео жариялаған еді.

Айта кетейік, FlyArystan бұған дейін де сынға ұшыраған. 2025 жылдың 12 маусымында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев рейстердің кешігуі мен артық жүктеме үшін компанияға қатаң ескерту жасаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді