АЭС салудың Қазақстанға беретін пайдасы туралы Бектенов айтты

Фото: pexels
2025 жылғы 3 қазанда өткен Kazakhstan Energy Week-2025 форумында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Олжас Бектенов елдегі өсіп келе жатқан энергияға деген қажеттілікке назар аударды.

"Сирек кездесетін металдар мен уранның маңызы зор, бұл салада Қазақстан әлем елдеріне сенімді серіктес болуға дайын. Атом электр станциясын салу – таза энергия мен энергетикалық тәуелсіздікке стратегиялық қадам", – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстан сенімді әрі болжамды серіктес болып қала береді. Үкімет серіктес мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және бизнес өкілдерімен бірлескен жоғары технологиялық өндірістерді құру үшін ынтымақтастыққа ашық.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 2 қазанда Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұранов Қазақстанның энергетикалық тұрақтылығын арттыру жолдарын атаған болатын.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз