Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

Сурет: polisia.kz
Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бопсалау қылмысына қатысы бар күдікті адамдарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 күдікті – Сайрам ауданының тұрғындары. Олар жергілікті тұрғыннан 1,5 миллион теңге сомасында ақша бопсалағаны анықталды.

Жедел уәкілдер күдіктілерді тінту барысында жәбірленушіден алынған жеңіл автокөлік, 40-қа жуық оқ-дәрі мен басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Қазіргі уақытта бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды