Ұлытау облысында мал ұрлығы азайды

Фото: Zakon.kz
Ұлытау облысының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, мал ұрлығына қарсы жүйелі шаралар қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратураның мәліметінше, өңірде мал ұрлығын азайту мақсатында арнайы жол картасы жүзеге асырылуда. Бұл құжат барлық мүдделі органдардың жұмысын үйлестіруге және қылмыстардың алдын алуға бағытталған.

Жол картасы аясында полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, олардың ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы барын дәлелдеді. Тергеу нәтижесінде күдіктілердің кінәсі сотта толығымен дәлелденіп, үкім шығарылды.

Қабылданған бірлескен шаралардың арқасында биыл облыс аумағында мал ұрлығы 30%-ға төмендеді.

Прокуратура өкілдері ауыл шаруашылығы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың мүлкін қорғау және заңдылықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі