Қазақстанда ең төменгі жалақыны қызметкерлердің қажеттіліктерін ескере отырып есептеу жоспарлануда

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2025 жылғы 9 қазандағы пленарлық отырыста Сенат депутаттары ерекше назар аударылатын дамушы елдерге арналған ең төменгі жалақыны белгілеу туралы Конвенцияны ратификациялады. Құжат қол қою үшін Президентке жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, бұл конвенция Халықаралық еңбек ұйымының әрбір мүшесін ең төменгі жалақыны белгілеу жүйесін енгізуге міндеттейді. Бұл жүйеге жалақысы осындай тәртіппен реттелетін барлық жалдамалы жұмысшылар тобы кіреді. Ол үшін келесі жалпы қағидаттар белгіленеді:

"Заңның мақсаты – Қазақстанның ең төменгі жалақыны анықтау бойынша қолданыстағы тәсілдерін халықаралық деңгейде бекіту және әлеуметтік диалогтың құқықтық негізін нығайту, әсіресе ең төменгі жалақыны белгілеуге тараптардың қатысуы бөлігінде", – деді сенатор.

Аталған заңды қабылдау саяси, құқықтық, қаржылық-экономикалық және өзге де теріс салдарға, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкелмейді.

"Заң қабылдануының нәтижесінде Қазақстанның Халықаралық еңбек ұйымына мүше ретінде халықаралық міндеттемелерді орындауға бейілділігі расталып, ең төменгі жалақыны белгілеу кезінде әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық негіздеме арасындағы теңгерім қамтамасыз етіледі", – деп түйіндеді Әсем Рахметова.

Сенат отырысында Мәулен Әшімбаевтың атап өтуінше, бұл конвенция ең төменгі жалақыны есептеген кезде құрғақ макроэкономикалық көрсеткіштермен шектелмей, азаматтарымыздың нақты қажеттіліктерін де ескеруге мүмкіндік береді.

Бұған дейін Астаналық дәрігер жеңіл пайда табамын деп бостандығынан айырылғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі