Ресейдегі миграциялық шектеулер: қазақстандық жүк көлік жүргізушілеріне жақсы жаңалық

Сурет: Zakon.kz
Ресейде енгізілген жаңа миграциялық шектеулер қазақстандық тасымалдаушыларға қолданылмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Ресейде қабылданған заңнамаға сәйкес, шетел азаматтарына ел аумағында тіркеусіз 90 күннен артық болуға тыйым салынған еді — бұл талап кіру-шығу санына қарамастан қолданылуы тиіс болатын.

Алайда 10 қазан күні Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Facebook парақшасында қазақстандық жүргізушілерге қатысты бұл норма күшіне енбейтінін хабарлады.

"Біздің Үкімет Ресей Федерациясындағы әріптестерімен жедел байланысқа шығып, кеше кешке халықаралық жүк және жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жаңа шектеулерді қолданбау туралы шешім қабылданды", — деді депутат.

Бұл шешімнің арқасында қазақстандық тасымалдаушылар енді Ресей аумағында "90 күндік шектеу" нормасына бағынбайды және миграциялық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл немесе депортацияға ұшырамайды.

Айта кетейік, бұған дейін Болатбек Әлиев жүк көлік жүргізушілерінің жаңа норма салдарынан қиындықтарға тап болғанын жазған болатын. Ал 9 қазанда вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми хат жолданғанын, мәселенің сыртқы саудаға кедергі келтіретінін атап өткен еді.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды