Жерде қуаты күшті кезекті магниттік толқындар күтілуде

Сурет: xras.ru
2025 жылғы 12 қазан күні Күн бетіндегі корональды тесік арқылы тараған плазмалық ағын Жерге күтілген мерзімнен ертерек жетіп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РФ Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мен Күн-Жер физикасы институтының мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, 12 қазанның өзінде-ақ Күн желінің жылдамдығы жоғары деңгейден төтенше деңгейге дейін көтерілген. Ал шын мәнінде бұл әсер 13 қазанда ғана болады деп күтілген. Осылайша, Жер Күн дауылының әсеріне бір тәулікке ерте түсті.

Корональды тесіктер — бұл Күннің бетінде орналасқан, магниттік өрістерінің ашық тұстары. Осы аймақтар арқылы ыстық плазма ғарышқа еркін ағып шығады. Сол себепті, Күннің бұл бөліктері суреттерде қара дақтар сияқты көрінеді және осы аймақтардан шыққан Күн желі анағұрлым күшті болады.

Ғалымдар алдағы күндері магниттік дауылдардың болуы мүмкін екенін, сондай-ақ жарқын полярлық шұғыла (северное сияние) байқалуы ықтимал екенін ескертіп отыр.

Сонымен қатар, олар Күн тәжінің (коронасының) қазіргі уақытта белсенді түрде энергия жинап жатқанын айтты.

Бұл жағдай адамдардың әл-ауқатына, әсіресе метеосезімтал жандарға әсер етуі мүмкін, сондай-ақ байланыс жүйелері мен навигацияға ықпал етуі ғажап емес. Ғалымдар алдағы күндері сақ болуға және жағдайды бақылауда ұстауға кеңес береді.

Бұған дейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің қазақстандық жүргізушілерге ескерту жасағанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды