Алматы метрополитенінде жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жаңа шаралар енгізілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қоғамдық тәртіпті сақтау және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы метрополитенінде профилактикалық және ақпараттық жұмыстар күшейтілді.

"Заң мен тәртіп" қағидасын іске асыру және профилактика жылы аясында іске қосылған жаңа бағдарлама метро пайдаланушыларына қауіпсіздік ережелерін кеңінен түсіндіруге бағытталған.

Полицейлердің бастамасымен метро станциялары мен вагондарында арнайы дыбыстық хабарламалар беріліп, азаматтарға заңды сақтау мен жеке жауапкершіліктің маңызы тұрақты түрде еске салынуда. Сонымен қатар, бекеттер мен пойыз вагондарында қауіпсіздік және мінез-құлық ережелері көрсетілген ақпараттық жадынамалар ілінді. Онда эвакуация тәртібі мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар туралы нақты нұсқаулар берілген.

Метрополитендегі полиция басқармасының бастығы Батыржан Абдумасаровтың айтуынша, метро – адамдар көп шоғырланатын нысан, сондықтан мұндағы тәртіп пен қауіпсіздік барша жолаушылардың ортақ жауапкершілігі.

"Біздің мақсатымыз – тек қоғамдық тәртіпті сақтау емес, сонымен қатар азаматтар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Мұндай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі", – деді ол.

Полицейдің айтуынша, дыбыстық хабарламалар мен көрнекі материалдар құқық бұзушылықтардың алдын алып, түрлі оқыс оқиғалардың қаупін төмендетуге ықпал етеді.

"Қауіпсіздік – қырағылық пен жауапкершіліктен басталады. "Заң мен тәртіп" қағидасы – күнделікті өмірде басшылыққа алынуы тиіс ұстаным", – деп атап өтті Батыржан Абдумасаров.
Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты