Қазақстанның қай өңірінде азық-түлік көбірек қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі ел өңірлеріндегі инфляция жағдайына шолу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйекте елдегі жылдық инфляция 12,9% болды (тамызда – 12,2%). Инфляцияның жеделдеуі 18 өңірде, баяулауы – 1 өңірде, ал өзгеріссіз қалуы – 1 өңірде тіркелген.

"Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы жылдық есеппен 12,7%-ға өсті (тамызда – 11,7%). Ең жоғары өсім Ұлытау облысында байқалды – 15,8%, ал ең төменгісі Алматы қаласында – 9,2%", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Сондай-ақ ел бойынша орташа деңгейден (12,7%) жоғары азық-түлік қымбаттауы келесі өңірлерде тіркелді:

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы қыркүйекте жылдық есеппен 10,8%-ға өсті (тамызда – 9,7%).

Ең жоғары көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркелді – 13,2%, ең төменгісі – Алматыда (8,6%).

Бағаның елдік деңгейден жоғары өсуі байқалған өңірлер:

Ұлытау (12,9%), Ақмола (12,7%), Абай (12,3%), Солтүстік Қазақстан (12,1%), Маңғыстау (12%), Қарағанды және Жетісу (11,9%), Атырау (11,5%), Шығыс Қазақстан (11,3%), Алматы және Қызылорда (10,9%).

"Қыркүйекте ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны 15,3% деңгейінде өзгеріссіз қалды (тамызда да – 15,3%). Дегенмен, бұл көрсеткіштен айтарлықтай төмен өсім Қызылорда облысында тіркелді – 9,6%", – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Ал республикалық деңгейден жоғары өсім Алматы (20,6%), Қарағанды (17,7%), Батыс Қазақстан (17,6%), Атырау (17,3%) және Алматы облыстарында (16,2%) байқалды.

Ұлттық банктің дерегінше, қыркүйектегі айлық инфляция – 1,1% болды.

Ең жоғары айлық өсім Ақтөбе облысында тіркелген – 1,7%.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін