Аюлар ШҚО-дағы бау-бақша аумақтарына кіріп, омарталарды қиратып жатыр

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында аюлар Риддер қаласының маңындағы елді мекендерге жиі кіре бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жетінші арнаның" мәліметінше, жергілікті аңшылар жыртқыштарды тек гуманитарлық әдіспен – дыбыстық дабыл арқылы қорқытып қуады. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайдың басты себебі – ормандарда табиғи азық-түліктің жетіспеуі. Биыл жидек аз шыққан, ал қала маңында пайда болған бейберекет қоқыс тастайтын орындар жабайы жануарларды тартып отыр.

Экология министрлігінің ресми деректеріне сәйкес, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы аю популяциясы 4,5 мыңға жеткен. Былтыр бұл көрсеткіш екі есе аз болған. Алайда биылғы жылы қоңыр аюларды атуға бар болғаны 185 рұқсат берілген.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар өз бау-бақша учаскелерінде аюлармен көршілес тұрудан қорқады, сондықтан жиі полиция шақыруға мәжбүр.

Мамандар бұл мәселеге тағы бір себеп ретінде өңірдің Ресеймен шекаралас орналасуын атап отыр.

"Онда (Ресейде) үлкен орман өрттері болды. Көптеген жануарлар сол жақтан бізге өтіп келді", – дейді ШҚО табиғи ресурстар басқармасы жедел әрекет ету бөлімінің басшысының орынбасары Сергей Карманников.

Айта кетейік, қазан айының басында Катонқарағай ұлттық паркі тауда орнатылған фототұзаққа түсіп қалған аюлардың видеосын жариялаған болатын. Онда аюлар камераға жақындап, қызығушылық танытқаны көрінеді.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды