Ақмола облысында екі ұрлық дерегі ашылды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында полицейлер мүліктік сипаттағы қылмыстардың бетін ашуды жалғастыруда.

Аршалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 10-11 қазан аралығында жасалған екі ұрлықты әшкереледі. Белгісіз тұлғалар гараж есігін бұзып, жүк көлігінен бес дөңгелек пен электр қайрағышты ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 1,6 млн теңге. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды.

Сонымен қатар Біржан сал ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің ұялы телефоны, жеке куәлігі және банк картасы жоғалғаны туралы арызданған. Кейін белгісіз адам сол карта арқылы 116 мың теңге көлемінде сауда жасағаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке тұлғасы анықталды.

Аталған екі факт бойынша да ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады