ҚР фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің шекті мөлшері бекітілді

Фото: pexels
2025 жылғы 15 қазандағы Үкімет қаулысымен республика және бір әкімшілік аудан (қала), облыс шегінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша олардың шекті (ең жоғары) мөлшерлеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, мынадай өзгерістер енгізілді:

Қазақстан азаматының шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғары) мөлшерлері жаңа редакцияда баяндалды;

Шетелдік қатысуы жоқ Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары мен олардың аффилиирленген тұлғалары ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғары) мөлшерлері де жаңа редакцияда бекітілді.

Сонымен, облыстар бойынша мемлекеттік емес, шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғалар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатында уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын ауыл шаруашылығы алқаптарының ең жоғары ауданы (оның ішінде егістік және суармалы жерлер) 35 000 гектар мөлшерінде белгіленді.

Оның ішінде 23 016 гектар егістік, соның ішінде 16 229 гектар суармалы жер:

Республика және әкімшілік аудан (қала), облыс шегінде ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың аффилиирленген тұлғаларының уақытша жер пайдалану құқығында иелене алатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері 150 000 гектар болып белгіленді. Оның ішінде 130 000 гектары – егістік, 22 556 гектары – суармалы жер:

Қаулы 2025 жылғы 28 қазаннан бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды