Алматыда таулы аймақта өткен жүгіру кезінде 70 жастағы спортшы көз жұмды

Сурет: Instagram/athletex_kz
Алматы маңында өткен Salomon Trail 2025 әуесқой жүгіру жарысы кезінде жасы жетпіске келген спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай 19 қазанда орын алған. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, көз жұмған қатысушы — Владимир Кривенцов, ол 70 жаста болған.

Сонымен қатар Кривенцов КСРО-ның теңіз көпсайысы мен шаңғы жарысы бойынша спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы және полиатлон, президенттік көпсайыс, қысқы көпсайыс секілді спорт түрлерінен бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Ол көптеген жарыстардың тұрақты қатысушысы болған.

"Қайғылы оқиға старттан кейін бірден болды. Бірнеше минут ішінде жеткен ТЖД экипажы алғашқы көмек көрсетіп, зардап шегушіні "Медеу" кешенінің құтқару бөліміне жеткізді. Алайда, өкінішке қарай, қолданылған шаралар нәтиже бермеді", — делінген жарыс ұйымдастырушыларының хабарламасында.

Айта кетейік, Кривенцов жарысқа дейін медициналық тексеруден өткен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері болмаған.

"Ол әрдайым жарысқа жүзінен күлкі кетпей келетін, белсенді өмір салтының жарқын үлгісі еді. Көпшілігіміз үшін ол рух күші мен шабыттың символы болды — спорттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген жан", — деп жазды "Экстремальная атлетика" ұйымының өкілдері.

Сондай-ақ 19 қазан 2025 жылы Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 халықаралық теннис турнирінде қазақстандық Елена Рыбакина әйелдер арасындағы жеке сын бойынша басты трофейді жеңіп алды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан түркі елдерімен жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін бөлісуге дайын – Тоқаев

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды