Қарағанды облысында көші-қон заңнамасын бұзған 33 азамат депортацияланды

Фото: Zakon.kz
"Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өз мәресіне жетті. Іс-шара барысында көші-қон қызметі патрульдік және криминалдық полиция, сондай-ақ учаскелік инспекторлармен бірлесіп ауқымды тексерулер жүргізді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша 600 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 403 дерек шетелдік азаматтардың тарапынан жасалса, 116 құқық бұзушылық қабылдаушы тараптан болған.

Сонымен қатар жұмыс берушілердің тарапынан 39 құқық бұзу фактісі тіркелді.

"Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – елде болу тәртібін сақтамау, заңсыз еңбек қызметімен айналысу және көші-қон есебін жүргізбеу фактілері. Полиция көші-қон тәртібін қатаң бақылауда ұстап отыр", – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сот шешімімен 33 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Сондай-ақ көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 12 азамат мемлекеттік шекараға дейін мәжбүрлі түрде жеткізілді. Полиция көші-қон заңнамасының сақталуына бағытталған бақылау және профилактикалық жұмыстарды жалғастыратын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары: ережелер жаңартылды

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты

АҚШ-тың Қазақстан тауарларына енгізген жаңа баж салығы: Сауда министрлігі түсініктеме берді