Алматының элиталық ауданындағы 5,9 млрд теңге тұратын жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Zakon.kz
Алматыда прокуратура құны 5,9 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 72 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл учаскелерді шетелдік компанияға тиесілі заңды тұлға заңсыз иеленіп келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында аталған жер телімдері қаланың элиталық бөлігінде орналасқаны және Жер кодексі талаптарының өрескел бұзылғаны анықталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, шетелдік субъектілердің ауыл шаруашылығы жерлерін иеленуіне тыйым салынған.

Осыған байланысты прокуратура сотқа талап-арыз түсірген. Нәтижесінде 2025 жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты прокурордың талабын толық қанағаттандырып, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды.

Кейін, 2 қазанда апелляциялық инстанция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.


"Осылайша, жалпы құны 5,9 миллиард теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды", – деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін, 27 қыркүйекте, елімізде экс-шенеуніктер мен Forbes тізіміндегі миллионерлерге тиесілі 21 мың гектар жердің мемлекетке қайтарылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған