Жұмыс Республика күніне дейін аяқталып, аудан тұрғындарына жасалған сый әрі қалалық ортаны жаңғыртудың бір көрінісі болды.
Жоба аясында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және қоғамдық кеңістікті жаңарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Атап айтқанда: аумағы 9,5 мың м² жаңа кеспе тас төселді,
- 266 заманауи шам тірегі орнатылды,
- 14,9 мың м² аумаққа көгал төселіп,
- ұзындығы 7,7 км автосуару жүйесі жүргізілді,
- балалар алаңы салынды,
- 6 жаңа аялдама кешені орнатылды,
- 25 қоқыс жәшігі,
- 40 орындық,
- 24 вазон қойылды,
- 8 шектеу бағаны орнатылып,
- 274 п.м. жасыл аймақ қоршауы орнатылды.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Сонымен қатар жүргіншілер аймағында ерекше арт-нысандар пайда болды — киіз үй пішініндегі сәндік арка және шағынаудан атауы жазылған инсталляция. Балалар үшін жарқын дизайндағы пиксель-алаңша жасалып, отбасылық демалыстың жаңа тартымды орнына айналды.
Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
Жобаның жүзеге асырылуы аудандағы қалалық ортаның сапасын арттыруға, аумақтың эстетикалық келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.