Жетісу облысында 17 жыл халықаралық іздеуде болған қылмыскер ұсталды

Фото: pexels
Талдықорғанда полицейлер құқық қорғау органдарынан ұзақ жыл бойы жасырынған 54 жастағы Қазақстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Деректерге сәйкес, ер адам 2008 жылдың 15 мамырынан бастап есірткі қылымысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеуде болған.

Мұндай әрекет үшін 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған азаматқа полицейлер тиісті шара қолданып жатыр.

"Аталған іс бойынша барлық жағдай тергеу барысында мұқият тексеріледі", - деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлері заң мен тәртіп әр азаматтың ұстануға тиіс қағидасы екенін, әр азамат жасаған қылмысы үшін жауапқа тартылатынын ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды