Синоптиктер Алматы, Астана және тағы 11 қала тұрғындарына ескерту жариялады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Zakon.kz хабарлағандай, бүгін Қазақстанның 13 қаласының тұрғындарына далада болу уақытын шектеу ұсынылады.

Себебі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ).

"2025 жылдың 24 қазанында Қостанай, Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Алматы қалаларында, ал түнде Атырау мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде", – деп ескертті "Қазгидромет" мамандары.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

Қолайсыз ауа райы жағдайында қала тұрғындарына, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластану көздерінің жанында, далада болу уақытын шектеуге кеңес беріледі. Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар далада жүргенде өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға қолайсыз ауа райы жақындап келе жатқанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін