"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2025 жылдың 28 қазанына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, таулы аймақтарда жауын-шашын күтіледі. Тек солтүстік, солтүстік-батыс, орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды.

Республикамыздың басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте, шығыста екпінді жел тұрады деп күтіледі.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 28-30 қазан аралығында Қазақстанның ірі қалалары, яғни Астанада, Алматыда және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз