2025 жылы елге оралған қандастар қай өңірлерге қоныстанды

Фото: МИД РК
2025 жылда 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ оралды. Аталмыш деректерді 2025 жылғы 29 қазанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың көп бөлігі:

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың негізгі бөліктері:

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,3%-ы жоғары білімді, 28,4%-ы орта кәсіби білімді, 50,6%-ы жалпы орта білімді, және 5,7% білім жоқ.

Министрлік қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанғанын атап өтті.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Ведомство ақпаратынша, қоныстандыру өңірлерінде 2025 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 309 адамды құрайды. 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1 725 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

Жыл басынан бері 916 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 277 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, министрлік ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданғанын атап өтті.

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,56 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді.

Бұған дейін Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды