Несіпбек Айтұлының 75 жылдық мерейтойына орай республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланды
Сурет: gov.kz
Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл мүшәйра – ұлттық рух пен азат ойдың, еркіндік пен елдік жырдың мерекесі. Мүшәйраның басты мақсаты – өз дәуірінің өр дауысына айналған Несіпбек Айтұлының поэтикалық мұрасын дәріптеу, жас ұрпақты елдік рухта тәрбиелеу.
Мүшәйраның шарты бойынша әр ақын екі туынды ұсынады:
- Несіпбек Айтұлына арналған арнау өлең;
- Еркін тақырыптағы өлең (лирика, толғау, баллада және т.б.).
Жолданған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған, басқа әдеби байқауларға қатыспаған болуы тиіс.
Өтінім қабылдау тәртібі: Ақындар өз туындыларын astanapoets@gmail.com электронды поштасына жібереді. Хатқа қысқаша өмірбаяныңызды, байланыс телефоныңызды, екі өлеңіңізді қоса жолдауыңыз қажет.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 1 желтоқсанға дейін.
Бәйге жүлдесі төмендегідей:
- Бас жүлде – 1, жүлдесі – 3 300 000;
- Бірінші орын – 1, жүлдесі – 2 200 000;
- Екінші орын – 2, жүлдесі – 1 100 000;
- Үшінші орын – 3, жүлдесі – 660 000;
- Ынталандыру – 5, жүлдесі – 330 000.
Бұған дейін "Хабар" агенттігі 30 жылдық мерейтойын атап өткені хабарланған.